freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нахчыван әуежайына дрон шабуылы. Әзербайжан Ираннан түсініктеме талап етті

Әлем
Нахчыван әуежайына дрон шабуылы. Әзербайжан Ираннан түсініктеме талап етті
vesti.az

Әзербайжанның Нахчыван әуежайына дрон шабуылы жасалды, деп хабарлады Malim.kz Әзербайжанның vesti.az агенттігіне сілтеме жасап. 

Әзербайжан билігі осы оқиға бойынша Ираннан түсініктеме талап етті. 

Әзербайжан билігі шабуыл салдарынан 2 адам зардап шеккенін хабарлады.

«5 наурыз күні түске таман Иран аумағынан Нахчыван автономиялық республикасына дрон шабуылы жасалды. Дронның бірі Нахчыван әуежайы терминалы ғимаратына соғылса, екіншісі Шекарабад ауылындағы мектеп жанына құлаған. Шабуыл салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын зардап шекті», деп хабарлады Әзербайжан СІМ. 

Ведомство Иранның әрекетін халықаралық құқық бұзу деп атап, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу үшін түсініктеме беруді және шаралар қабылдауды талап етті. Әзербайжан жауап беру құқығын өзіне қалдырады, ал Иранның Бакудегі елшісі наразылық нотасын тапсыру үшін СІМ-ге шақырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу