Malim.kz
Әлем

Иран Ормуз бұғазындағы тәртіпті күшейтті: кемелер тәркіленуі мүмкін

Айбын Атабай
Фото: REUTERS

Иран Ормуз бұғазы арқылы өту ережелерін бұзған кемелерге қатаң шара қолданылатынын ескертті. Талаптарды сақтамаған кемелерге айыппұл салынып, олар ұсталып немесе тәркіленуі мүмкін. Бұл туралы Парсы шығанағы бұғазының Иран әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған Malim.kz.

Иран тарапының мәліметінше, Парсы шығанағына кіретін немесе одан шығатын жүктерді тасымалдауды жоспарлаған компаниялар кеме жалдамас бұрын арнайы сайттағы талаптарға сәйкес келмейтін кемелер тізімін тексеруі қажет. Бұл ықтимал проблемалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Axios АҚШ қарулы күштері Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуіне мүмкіндік беретін жасырын теңіз бағытын ұйымдастырғанын жазған.

Ақпаратқа сәйкес, Оман жағалауына жақын орналасқан оңтүстік арна арқылы күн сайын түнде 15-20 мұнай танкері өтеді. Олар әлемдік нарыққа тәулігіне шамамен 10 млн баррель мұнай жеткізеді. Бұл көлем соғыс басталғанға дейінгі көрсеткіштің жартысына жуық.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері аталған бағыт арқылы жүзеге асырылып жатқан мұнай жеткізілімдері әлемдік нарықтағы жағдайға айтарлықтай ықпал етіп отырғанын мәлімдеді.

Ормуз бұғазы – әлемдегі мұнай тасымалы үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі. Сондықтан ондағы кез келген шектеу әлемдік энергетикалық нарыққа әсер етуі мүмкін.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары