Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алынатын транзиттік алымдарды 60 күн мерзімге уақытша алып тастады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Пәкістанның Сыртқы істер министрі Исхак Дардың айтуынша, әлемдегі ең маңызды теңіз бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын өңірдегі көптеген мемлекеттер қолдайды. Атап айтқанда, Қытай да кемелердің екі бағытта да кедергісіз өтуін жақтап отыр.
Бұл шешім АҚШ пен Иран арасындағы Швейцариядағы келіссөздер аясында жарияланды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам аймақтағы шиеленісті төмендетіп, халықаралық сауда мен мұнай тасымалының тұрақтылығын сақтауға ықпал етуі мүмкін.