Malim.kz
Әлем

Иран парламенті: АҚШ соққы жасаса, жауап береміз

Арман Қайыпхан
Фото: SOCIAL MEDIA/REUTERS

Иран АҚШ тарапынан шабуыл жасалған жағдайда Израильді, АҚШ-тың әскери базаларын және теңіз қатынасын әскери нысанаға алатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф жексенбі, 11 қаңтар күні парламенттің төтенше отырысында айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың Иранға қарсы кез келген әскери әрекеті жауапсыз қалмайды.

«Егер АҚШ тарапынан әскери шабуыл жасалса, біз оккупацияланған аумақтарды, америкалық әскери орталықтарды және кеме қатынасын заңды мақсат деп есептейміз», – деді Галибаф.

Ол «оккупацияланған аумақ» деген ұғыммен Иран билігі мемлекет ретінде мойындамайтын Израильді меңзегенін атап өтті. Сонымен қатар Тегеран кез келген нақты қауіп белгілеріне сүйене отырып әрекет ететінін ескертті.

Иранның бұл мәлімдемесінен кейін Израиль жоғары дайындық режиміне көшті. Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары