Malim.kz
Әлем

Иран Сауд Арабиясындағы АҚШ-тың барлау басқармасына соққы жасады

Айбын Атабай
AP Photo / Fatima Shbair

Иран Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы АҚШ елшілігінде орналасқан деген болжамды ЦРУ-дың штаб-пәтеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды  Malim.kz  Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Болжам бойынша, шабуыл дүйсенбі, 2 наурыз күні болған және БАҚ мәліметінше, бұл Иран үшін белгілі бір символикалық жеңіс саналады.

БАҚ-тың жазуынша, дрондар соққысынан база шатырының бір бөлігі опырылып, кешен іші түтінге толған. Сондай-ақ құрылымдық зақымданулар тіркеліп, қызметкерлерге жасырыну орындарында қалу ұсынылған. АҚШ пен Сауд Арабиясы АҚШ елшілігі кешеніне екі дрон соққы жасағанын растады, алайда ЦРУ-дың штаб-пәтеріне зиян келгенін нақтылаған жоқ. Агенттік қызметкерлері арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Осы жағдай аясында АҚШ Таяу Шығыстағы бірнеше елшілігін жапты. Кейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі америкалықтарды АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясының салдары жалғасып жатқандықтан, Таяу Шығыстан шұғыл түрде кетуге шақырды.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авивте соққылардың мақсаты — Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екені айтылды. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Иранның әскери-теңіз флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін мәлімдеп, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Трамп АҚШ-тың Ирандағы әскери операциясы қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.

1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқанын жариялады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегіндегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сондай-ақ Ислам Республикасының өзіндегі және аймақтағы басқа елдердегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасауда.

Бұған дейін Иранның Сарапшылар кеңесі Әли Хаменейдің ұлы Моджтабаны елдің жаңа жоғарғы жетекшісі етіп сайлағанын жаздық. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары