Malim.kz
Әлем

Иран соғысты тоқтату үшін 5 шарт қойды

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com

Иран билігі соғысты тоқтату үшін бірқатар нақты талаптар ұсынды. Жергілікті БАҚ жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап хабарлағандай, Тегеран АҚШ-тың ұсыныстарын қабылдамай, келіссөздерден бас тартқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Иран ұсынған негізгі 5 шарт:

  1. Қарсы тараптың «агрессиясы мен террорын» толық тоқтату
  2. Соғыстың Иранға қайта таңылмауына кепіл болатын нақты механизмдер құру
  3. Соғыс салдарынан келген шығындарды толық әрі ашық түрде өтеу
  4. Аймақтағы барлық майдандарда және қақтығысқа қатысушы барлық күштер үшін соғысты тоқтату
  5. Ормуз бұғазын егемен басқару құқығын халықаралық деңгейде мойындау және оған кепілдік беру

Шенеуніктің айтуынша, бұл талаптар Женевадағы келіссөздердің екінші кезеңінде Тегеран бұған дейін қойған шарттарды толықтырады.

Бұған дейін АҚШ пен делдал елдер — Пәкістан, Мысыр және Түркия — Иранмен жоғары деңгейдегі бейбіт келіссөз өткізу мүмкіндігін талқылап жатқаны хабарланған.

Кездесу 26 наурызда өтуі мүмкін, алайда Тегеранның жауабы әлі берілмеген. Келіссөз өтетін орын ретінде Пәкістан астанасы Исламабад қарастырылып отыр.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер «қазірдің өзінде жүріп жатқанын» және АҚШ «бұл соғыста жеңіске жеткенін» мәлімдеді. Оның сөзінше, Вашингтон Тегерандағы «қажетті адамдармен» байланыс орнатқан.

Өз кезегінде Иран өкілдері делдал елдерге Трамптың бұған дейін екі рет алдағанын айтып, тағы да сенім артқысы келмейтінін жеткізген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары