Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбегенін мәлімдеді. Бұл туралы Tasnim агенттігі жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Агенттік дерегінше, Вашингтон тарапымен «ешқандай келіссөз болған емес және қазір де жоқ».
Шенеуніктің айтуынша, Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды кейінге қалдырған.
Бұған Тегеран тарапынан айтылған әскери ескертулер мен жаһандық экономикалық дағдарыс қаупі себеп болған.
Сонымен қатар, Иран билігі делдалдар арқылы белгілі бір хабарламалар алғанымен, ресми келіссөздерге қатыспағаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп "АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына 5 күн бойы шабуыл жасамайды" деп мәлімдеген еді.