БҰҰ АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған бомбалаудан кейін Ирандағы ядролық нысанның зақымданғанын растады. Нысан Натанз қаласында орналасқан, деп хабарлайды Malim.kz. CNN арнасына сілтеме жасап.
Иранның ядролық қадағалау органы елдегі ядролық отынды байыту зауыты зақымданғанын растады. Бұл — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери шабуылы басталғалы бері елдің ядролық нысандарының зақымданғаны туралы алғашқы ресми мәлімет.
Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) таратқан ақпаратқа сәйкес, жуырдағы спутниктік суреттерге сүйенсек, Натанздағы отынды байыту зауыты — Иранның ең осал ядролық нысандарының бірі — кіреберіс ғимараттары жағынан зақым алған.
МАГАТЭ радиациялық салдар тіркелмегенін және нысан аумағында «қосымша әсер» анықталмағанын мәлімдеді.
CNN тілшілері ғарыштық барлаумен айналысатын Vantor компаниясының деректерін талдап, үлкен қойма мен екі шағын екі қабатты ғимарат зақымданған деген қорытындыға келген.
Өткен жылдың маусым айында АҚШ тарапынан жасалған бомбалаудан кейін бұл жақсы қорғалған нысанның бір бөлігінде электрмен жабдықтау жүйесі істен шыққан. Nuclear Threat Initiative (NTI) коммерциялық емес ұйымының мәліметінше, кешен алты жерүсті және үш жерасты ғимаратынан тұрады. Оның екеуі 50 мыңға дейін центрифуганы орналастыруға мүмкіндік береді.
Еске салайық, 2025 жылдың жазында болған 12 күндік соғыс барысында Ирандағы Исфахан қаласындағы ядролық нысанның төрт маңызды ғимараты зақым алған.