Malim.kz
Әлем

Иранда екі күндік наразылық кезінде 30 мың адам қаза тапқан

Арман Қайыпхан
Фото: UGC/AP Photo/picture alliancе

Иранның Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздердің айтуынша, елде тек 8 және 9 қаңтар күндері шамамен 30 мың адам қаза табуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш билік пен құқық қорғаушылар бұған дейін жариялаған мәліметтерден едәуір жоғары.

2026 жылғы 8–9 қаңтарда Иранда үкіметке қарсы наразылықтарды күшпен басу кезінде 30 мыңға дейін адам өлтірілуі мүмкін. Бұл туралы жексенбі күні, 25 қаңтарда, Time журналы елдің денсаулық сақтау министрлігіндегі екі жоғары лауазымды қызметкерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, сол күндері ирандық қауіпсіздік күштері жасаған жаппай қырғын мемлекеттік жүйеге шамадан тыс салмақ түсірген. Билік мәйіттерді жоюмен айналыса алмай қалған: мәйіт салатын қаптар таусылып, жедел жәрдем көліктерінің орнына ауыр жүк көліктері пайдаланылған.

Сонымен бірге Time журналы Иранда қаза тапқандардың нақты санын тәуелсіз түрде растай алмағанын атап өтеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары