Malim.kz
Әлем

Иранда жаппай наразылыққа байланысты интернет шектелді

Арман Қайыпхан
Фото: Social Media/ZUMA/IMAGO

Иран билігі үкіметке қарсы жаңа наразылықтар кезінде интернетке қолжетімділікті шектеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

IT-компания Cloudflare деректеріне сәйкес, 3 қаңтарда елдегі интернет-трафик уақытша шамамен үштен біріне қысқарған.

4 қаңтар таңында трафик көлемі әдеттегіден 15 пайызға төмен болды. Көптеген ирандықтар әлеуметтік желілерде жаппай ақаулар туралы хабарлаған.

Иран бұған дейін де 2009, 2019 және 2022 жылдардағы наразылықтар кезінде, сондай-ақ Израиль тарапынан 2025 жылғы маусымдағы шабуылдар кезінде интернетке шектеу қойған. Кейбір жағдайларда интернет толықтай өшіріліп, тек жекелеген сайттар ғана қолжетімді болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары