Malim.kz
Әлем

Ирандағы наразылықтарда 3 мыңнан астам адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: NurPhoto/Contributor via Getty Images

Иранның сот-медициналық ұйымы соңғы тәртіпсіздіктер нәтижесінде елде 3117 адамның қаза болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Press TV телеарнасына сілтеме жасап.

Ұйым дерегінше, қаза тапқандардың қатарында бейбіт тұрғындар да, Иранның қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де бар.

Ирандағы наразылықтар желтоқсан айының соңында экономикалық жағдайдың нашарлауына, әсіресе ұлттық валютаның күрт құнсыздануына байланысты басталған. Кейінірек шерулерде саяси талаптар да айтыла бастаған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, соңғы күндері елдегі жағдай жалпы алғанда қалыпқа келген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары