Malim.kz
Әлем

Иранға қарсы операциялар тоқтауы мүмкін – Трамп

Арман Қайыпхан
Фото: Kyle Mazza/TheNews2/IMAGO

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран бойынша қойылған мақсаттарға жақындап қалғанын және Таяу Шығыстағы ауқымды әскери операцияларды қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, негізгі мақсаттардың қатарында зымыран әлеуеті мен ұшыру қондырғыларын жою, қорғаныс-өнеркәсіптік базаны әлсірету, сондай-ақ Иранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін, соның ішінде әуе қорғаныс жүйелерін бейтараптандыру бар.

Сондай-ақ АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз етуді және Таяу Шығыстағы одақтастарын — Израиль, Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ, Бахрейн және Кувейт қорғауды көздеп отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары