Malim.kz
Әлем

Иранмен қақтығыс: АҚШ-тың екі ұшағы бір күнде жойылды

Арман Қайыпхан
Фото: Ethan Miller/Getty Image

Иран қарулы күштері америкалық F-35 жойғыш ұшағын атып түсірген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Алайда The Aviationist басылымы ұшақ қалдықтарын талдау нәтижесінде бұл мәліметті жоққа шығарып, сөз F-15E Strike Eagle жойғыш-бомбалаушысы туралы екенін хабарлады. Ұшақтағы экипаждың екі мүшесі де катапультпен секіріп үлгерген. Қазіргі уақытта АҚШ тарапы олардың бірін ғана тапқан, ал екіншісі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Иран тарапы ұшқыштың тұтқынға алынғанын растамады, бірақ оны қолға түсіргендерге сыйақы жариялаған.

Кейінірек сол күні The New York Times басылымы АҚШ-тың аты-жөні жарияланбаған екі ресми өкіліне сілтеме жасап, Ормуз бұғазы маңында A-10 Warthog шабуылдаушы ұшағының апатқа ұшырағанын хабарлады. Ұшқыш құтқарылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары