Malim.kz
Экология

Иреклі қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі көбейді

Сабина Асқарқызы
Ғайсағали Сейтақ

Ресейдің Орынбор облысында Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне секундына 60 текше метр су жіберіліп жатыр , деп хабарлайды Malim.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Кешеге дейін секундына 15 текше метр жіберіліп келген болатын. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хұсайыновтың мәлім еткеніндей, Иреклі қоймасының суға толтырылуы 90 пайыздан асқан. 

Рауан Ерланұлының сөзіне қарағанда, соған байланысты қоймаға құйылған судың бір бөлігі төменге тасталып жатыр. Бұл Жайыққа пәлендей өзгеріс әкелмейді. 

Биылғы 30 сәуірдегі мәлімет бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында 287 сантиметрді көрсетті. Ал Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 342 сантиметрге дейін түсті. Мұндағы гидробекеттегі су шығыны секундына 471 текше метр болды, - деді Р.Хұсайынов. 

 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары