Malim.kz
Құқық

Іш киіммен эфирге шығып, боқтық сөздер айтқан: Қазақстанда 9 стример қамалды (ВИДЕО)

Айбын Атабай
Фото: видеодан скрин

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, ойына келгенін жасайтындарға ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, арсыз әрекеттері үшін 9 стример темір қапасқа қамалды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, олар лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды.

«ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады», – делінген ведомство мәліметінде.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары