Malim.kz
Әлем

Испания мен Марокко Сеутаға жеткен мигранттарды депортациялау туралы келісімге келді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Испания мен Марокко Сеута қаласына заңсыз жеткен мигранттарды кері қайтару жөнінде келісім жасасты. Бұл туралы Испания Ішкі істер министрлігі ведомство басшысы Фернандо Гранде-Марласканың Марокко өкілдерімен өткізген кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптар сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күрес бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.

30 шілдеде Мароккодан мыңдаған мигрант Сеутаға жүзіп, үрлемелі шеңберлер мен шағын қайықтар арқылы жеткен. Олардың нақты саны әзірге белгісіз. Испанияның Азаматтық гвардиясының мәліметінше, мигранттар саны 50 мың адамға жуықтауы мүмкін. Ал Сеута қаласының халқы шамамен 85 мың адамды құрайды.

Оқиғадан кейін мигранттардың жергілікті тұрғындардың үйлерін басып алғаны туралы ақпарат тарады. Сеута мэрі Хуан Хесус Вивас Испания билігін ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялауға шақырды.

Бұған дейін Испанияның Жоғарғы соты Сеута мен Мелильяға теңіз арқылы заңсыз өтпек болған мигранттарды жедел тәртіппен қайтаруға тыйым салып, мұндай жағдайларда стандартты депортация рәсімі қолданылуы тиіс деген шешім шығарған. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы шешім қазіргі жағдайдың ушығуына себеп болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары