Испанияның премьер-министрі Педро Санчес елдің оңтүстігіндегі пойыз апатынан кейін үш күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды Euronews.
Испанияның премьер-министрі Педро Санчес көлік министрі Оскар Пуэнте және Андалусия үкіметінің төрағасы Хуанма Мореномен бірге Кордова провинциясындағы Адамус муниципалитетіне барды. Бұл жерде кемінде 39 адамның өмірін қиған теміржол апаты орын алған.
Қала әкімі Рафаэль Анхель Морено ең алғашқы сәттен бастап барлық зардап шеккендерге көмек көрсетілгенін атап өтіп, сондай-ақ қол ұшын берген тұрғындарға да алғыс білдірді.