Malim.kz
Әлем

Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 26-ға жетті

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Италияда болған магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz РИА-ға сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, шамамен 300 тұрғын қауіпсіздік мақсатында үйлерін уақытша тастап шығуға мәжбүр болған.

Қазір өрт сөндірушілер мен техникалық мамандар ғимараттарды аралап, олардың зақымдану деңгейін тексеріп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары