Malim.kz
Әлем

Израиль Иранға қатаң ескерту жасады

Арман Қайыпхан
Фото: BBC

Израиль әскері Иранның марқұм рухани көсемі Әли Хаменеидің мұрагерлеріне қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс күштері өкілдері Хаменеи орнына келуі мүмкін кез келген адамды «қуғындауды жалғастырамыз» деп ескертті.

Әскерилердің бұл мәлімдемесі парсы тілінде жүргізілетін ресми X (бұрынғы Twitter) парақшасында жарияланды. Онда Иранның Сарапшылар кеңесі жақын арада Қом қаласында жиналып, жаңа жоғарғы көшбасшы мәселесін талқылауы мүмкін екені айтылған.

Израиль тарапы осы жиынға қатысып, жаңа мұрагерді таңдауға атсалысатын тұлғаларға да ескерту жасады. Мәлімдемеде «мұрагерді таңдауға қатысатын кез келген адам нысанаға алынуы мүмкін» екені атап өтілді.

Израиль әскері бұл сөзін «Бұл – ескерту» деп түйіндеді.

Айта кетейік Иранның жоғарғы көшбасшысы болған Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиге шабуыл жасалған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары