Ливанда Израиль әскерінің әуе соққылары салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Шабуылдар Израиль мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы бітім күшіне енгеннен кейін көп ұзамай жасалған.
Ливанның ұлттық NNA агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскері әскери ұшақтар мен дрондар арқылы елдің оңтүстігіндегі бірнеше ауданға және Бекаа аңғарына соққы берген.
Өз кезегінде Израиль армиясы бұл әрекеттерін «Хезболла» тарапынан жасалған шабуылға жауап ретінде түсіндірді. Израиль мәліметінше, түнде Ливанның оңтүстігіндегі әскери бөлімшелерге 50-ден астам снаряд атылған. Осыдан кейін әскерилер «Хезболла» нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді.
Алайда Иранмен байланысы бар «Хезболла» қозғалысы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
20 маусымда Ливан парламентіндегі «Хезболла» депутаты Хасан Фадлалла ұйымның Израиль соққыларына жауап қайтаруға құқығы бар екенін айтты. Оның сөзінше, бітімнің сақталуы үшін Израиль Ливан аумағына шабуыл жасамауы және жаңа позицияларды басып алмауы тиіс.
Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға тараптар арасындағы онсыз да әлсіз бітімнің одан әрі шиеленісуіне алып келуі мүмкін.