Malim.kz
Әлем

Израиль Тегеранға ауқымды соққылар басталғанын мәлімдеді

Айбын Атабай
Fatemeh Bahrami/Anadolu via Getty Images

Израильдің Қорғаныс армиясы Иран астанасы Тегеранда «ирандық режимнің инфрақұрылымына» қарсы ауқымды соққылар басталғанын мәлімдеді, деп жазады ВВС.

Израиль әскери күштерінің мәлімдеуінше, Тегерандағы «ирандық террористік режимнің инфрақұрылымына» қарсы кең көлемді соққылар толқыны басталған. Әзірге әскери ведомство қосымша мәлімет бермеді.

Сонымен қатар Иранның мемлекеттік телеарнасы ел астанасында жарылыстар болғанын хабарлады.

Израиль Қорғаныс армиясының Бас штабының бастығы Эяль Замир Израильдің Иранға қарсы операциясының келесі кезеңіне өткенін айтты.

Бұған дейін Еуропалық одақ пен Парсы шығанағы елдері Иранның шабуылдарын айыптап, жағдайды ушықтырмауға және шиеленісті азайтуға шақырған болатын.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда Израиль АҚШ-тың қолдауымен Иранға қарсы әскери операция бастап, Таяу Шығыстағы қақтығыстың жаңа кезеңін ашқан болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары