Malim.kz
Саясат

Израильдің Ливанға жасаған әуе соққыларынан 250-ден астам адам қаза тапты

Сабина Асқарқызы
AFP via Getty Images

Израильдің әуе соққылары салдарынан Ливанда 250-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz. Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.

Ең кейінгі мәліметтерге сәйкес, шабуыл нәтижесінде 1,1 мыңнан астам адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында бейбіт тұрғындар көп екені айтылуда.

Бейрут қаласының орталық аудандары негізгі нысанаға айналған. Сонымен қатар Израиль авиациясы қаланың оңтүстік бөлігіндегі сегіз ауданға соққы жасаған. Әуе шабуылдары салдарынан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қирап, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Аймақтағы жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Халықаралық ұйымдар тараптарды сабырға шақырып, қақтығыстың ушығуына жол бермеу қажеттігін айтып жатыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары