Malim.kz
Әлем

Израильдің соққысынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты

Мадина Қайнарова

Ливанның Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша Израиль армиясының шабулынан қаза тапқан адамдардың саны бір жылда 2530-ға жеткен. 

Бұл туралы РИА Новости басылымы жазды.

- Израиль соққы жасай бастаған уақыттан бері қаза тапқандардың жалпы саны 2530–ға жетті, жарақат алғандар - 11 803 адам, — делінген комитеттің хабарламасында.

Соңғы тәулікте Ливанда Израильдің шабуылынан 63 адам қайтыс болды, тағы 234 адам жарақат алған.

Фото: © AP Photo / Hussein Malla

Мадина Қайнарова
Автордың басқа материалдары