Malim.kz
Әлем

Канада Украинаға 2,5 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Фото: Riley Smith/ZUMA/IMAGO

Канада үкіметі Украинаға қосымша 2,5 млрд доллар (2,1 млрд еуро) көлемінде экономикалық көмек бөлетінін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Аталған қаржыландыру несие кепілдігі ретінде ұсынылады. Соның арқасында Киев Халықаралық валюта қорының қосымша несиесіне, сондай-ақ Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі желілері бойынша қолдауға қол жеткізе алады.

Канада премьері Украина президенті Владимир Зеленскиймен Жаңа Шотландиядағы Галифакс қаласында кездесті. Бұл – Украина басшысының биыл Канадаға жасаған екінші сапары.

Соғыс басталғалы бері Оттава Киевке шамамен 22 млрд доллар (18 млрд еуро) көлемінде көмек көрсетті. Оның ішінде 12 млрд доллардан астамы тікелей қаржылай қолдау ретінде берілген. Осылайша Канада Украинаны қалпына келтіру мен қайта жаңғыртуға ең көп үлес қосып отырған донор елдердің бірі саналады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары