Malim.kz
Әлем

Каппадокияда екі әуе шары құлап, бір адам қаза тапты

Арман Қайыпхан

Түркияның Ақсарай провинциясында ауа райының күрт бұзылуына байланысты екі әуе шары апатқа ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz Trt.haber-ге сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан бір ұшқыш көз жұмып, 31 турист түрлі жарақат алды.

Қайтыс болған пилот әуе шарының себетінен құлап, ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің көпшілігі – Индонезия азаматтары. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Апаттан кейін аймақта әуе шарларының ұшуы уақытша тоқтатылды. Түркияның Көлік министрлігі оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

Фото: видеодан скрин

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары