Malim.kz
Қоғам

Каспий тартылып жатыр: теңізде жаңа арал пайда болды

Сабина Асқарқызы
скриншот

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты соңғы жылдары жаңа аралдар пайда бола бастаған. Солардың бірі – Рыбачий аралы, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы джип-тур ұйымдастырушысы Ерболат Мұхашов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа аралдар Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маякшыкқан және Долгий аралдарының маңынан байқалған. Аталған аумақтар Каспий итбалықтары мекендейтін орындар ретінде белгілі.

Жергілікті lada.kz басылымының жазуынша, жақында анықталған Рыбачий аралы Святой аралының шығысында, шамамен 500 метр жерде орналасқан. Баутино ауылынан аралға дейінгі қашықтық шамамен 30 шақырымды құрайды.

Маманның айтуынша, жаңа аралдардың негізгі мекендеушілерінің бірі – қасқырлар. Сонымен қатар мұнда жабайы қабан мен борсық кездеседі. Аралдар мен олардың маңындағы суларда құстардың және балықтардың түрлі түрлері мекендейді.

Жаңа аралға Маңғыстау өңірінде Каспий теңізін қорғау бағытында жұмыс істеп жүрген эко-сарапшы Данияр Акимжановтың көмегімен барған.

Бұл аумақ табиғатының әсемдігімен және ерекше көріністерімен таңғалдырады, – деді Ерболат Мұхашов.

Рыбачий аралы әуеден түсіріліп, бейнежазбаға да түсірілген. Мамандардың айтуынша, Каспий деңгейінің өзгеруі теңіздің солтүстік бөлігіндегі жағалау сызығы мен табиғи ландшафтқа әсер етіп жатыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары