Malim.kz
Қоғам

Каспийде бата жаздаған жасөспірімді құтқарушылар аман алып қалды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Ақтауда ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінде бата бастаған жасөспірімді аман алып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға қаладағы 7А шағын ауданы маңындағы жағалауда патрульдеу кезінде болған. 2009 жылы туған жасөспірім шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, бата бастаған.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің және жағалауда болған куәгердің көмегінің арқасында жасөспірім дер кезінде судан шығарылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары