Malim.kz
Қоғам

Кентауда үйлерді су басып қалды: Әкімдік не дейді

Malim Админ

Түркістан облысының Кентау қаласында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан үйлерді су басып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қала әкімдігі болған жағдайға түсінік берді.

15 сәуірде сағат 16:00-ден 17:10-ға дейін жауған жауын-шашын салдарынан Кентаудағы 3 жеке тұрғын үйдің ауласы мен 1 үйдің жертөлесін, 1 үйді толық және «Салиха ана» базарындағы 26 бутикті су басты, - делінген хабарламада.

ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері суды сору және бұру жұмыстарын жүргізді. Қазір қалада жағдай тұрақталған.

Фото: ТЖМ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары