Malim.kz
Әлем

Киев пен бірнеше облыста электр, су және жылу уақытша тоқтатылды

Арман Қайыпхан
Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS

31 қаңтарда Украина аумағында жүйелік ақау салдарынан электр жарығы кең көлемде өшіп, су және жылумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Апат көршілес Молдоваға да әсер етіп, электр көлігінің қозғалысы тоқтады.

Энергохолдинг ДТЭК мәліметінше, “Укрэнерго” компаниясының шешімімен Киев, Киев облысы, Одесса және Днепропетровск облыстарында шұғыл жарық өшірулер енгізілді. Сонымен қатар Житомир, Харьков, Чернигов, Сумы, Николаев және Полтава облыстары да апаттық режимге көшті.

Киев қаласының мэры Виталий Кличконың хабарлауынша, блэкаут кезінде метрополитен мен эскалаторлар жұмысын тоқтатты. Қалалық әкімдік ақауды уақытша деп атады, бірақ ол барлық метро желілерін қамтыды. Сонымен қатар “Киевводоканал” мәліметі бойынша, насос станцияларының тоқтауы салдарынан қала бойынша су тарату қызметі де тоқтады.

Кейінгі мәлімет бойынша, сағат 14:37-де Кличко метроның барлық үш желісінде жұмыс қалпына келе бастағанын хабарлады. Сондай-ақ критикалық инфрақұрылым нысандары қалпына келтіріліп, су және жылумен жабдықтау жүйесіндегі қысым қайта қалпына келтірілуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары