Malim.kz
Әлем

Киевке жасалған ауқымды шабуыл: Батыс Украинаның әуе қорғанысын күшейту мәселесін қайта көтерді

Айгүл Таңатар
nv.ua

Ресейдің Киевке жасаған кезекті жаппай зымырандық шабуылынан кейін Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жедел жеткізу мәселесі Батыс елдерінің күн тәртібіне қайта шықты деп хабарлайды Malim.kz..


5 тамызға қараған түні Ресей Украина астанасына баллистикалық және қанатты зымырандармен, сондай-ақ дрондармен ауқымды соққы жасады. Украина билігінің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Шабуыл кезінде тұрғын үйлер, теміржол инфрақұрылымы мен азаматтық кәсіпорындар зақымданды.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылдан кейін Батыс серіктестерін Patriot жүйелеріне арналған тосқауыл зымырандарын жеткізуді жеделдетуге шақырды. Оның айтуынша, биыл Украинаға жеткізілген әуе қорғанысы зымырандарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда үш еседей азайған. Соның салдарынан соңғы шабуыл кезінде Ресей ұшырған 24 баллистикалық зымыранның бірде-бірі атып түсірілген жоқ.
Әскерилердің айтуы бойынша, қазіргі таңда АҚШ-та жасалған Patriot жүйесі Ресейдің «Искандер-М», «Кинжал» және «Циркон» сияқты баллистикалық зымырандарын сенімді түрде жоя алатын негізгі құрал болып қала береді. Алайда Украинада бұл кешендердің де, оларды жабдықтайтын тосқауыл зымырандарының да қоры жеткіліксіз. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстар аясында әлемдік сұраныстың артуы да әсер етіп отыр.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары