Malim.kz
Қоғам

Көкшетауда көл ортасында қалған паромнан 25 адам құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің акваториясын патрульдеу барысында ТЖМ құтқарушылары жағалаудан 700 метр қашықтықта жолаушылары бар ақаулы паромды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар эвакуация жұмыстарын дереу бастады. Нәтижесінде 25 адам, оның ішінде 10 бала жағаға қауіпсіз жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары