Malim.kz
Экология

"Көктайғақ". 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Астанада, Алматыда және Қазақстанның 17 облысында 23 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. 23 желтоқсанда Шымкент пен Түркістан қалаларында да тұман болатыны болжанады.

Түнде Маңғыстау облысыныңорталығында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қызылордада 23 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 23 желтоқсанда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және күндіз Ақмола облысыныңбатысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.  Таңертең және күндіз Көкшетауда 23 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде 23 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады деп болжанады. 

Түнде және таңертең Атырау облысыныңбатысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жезқазғанда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Қостанай облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 23 желтоқсанда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 23 желтоқсанда күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 23 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с

Астанада 23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.Алматы мен Қонаев қалаларында да 23 желтоқсанда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары