Malim.kz
Қоғам

Көктайғақ, найзағай: 3 сәуірде ауа райы күрт құбылады

Айбын Атабай
Pixabay

 «Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 3 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Ал республиканың қалған бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктердің ескертуінше, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталық аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары