“Қазгидромет” сәуірден қазанға дейінгі маусымдық болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы көбіне нормадан жоғары болады, ал жаздың соңына қарай жауын-шашын тапшылығы күшейеді. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.
2026 жылғы сәуір
Сәуірде елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Нормаға жақын көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында болжанады.
Жауын-шашын жалпы алғанда нормаға жуық болады, алайда батыста (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары), сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормадан көп жауады (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Жетісу облысы, ШҚО және Абай облысының оңтүстік-шығысы).
2026 жылғы мамыр
Мамырда температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын температура шығыс пен оңтүстік-шығыста, сондай-ақ кейбір орталық өңірлерде күтіледі.
Жауын-шашын:
елдің басым бөлігінде – нормаға жуық;
нормадан аз – солтүстік өңірлерде (Қостанай, СҚО, Ақмола облыстары), сондай-ақ батыс пен орталықтың кей аймақтарында.
2026 жылғы маусым
Маусымда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде нормаға жақын болады.
Жауын-шашын:
жалпы нормаға жуық,
нормадан төмен – Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау мен кейбір орталық өңірлерде.
2026 жылғы шілде
Шілдеде температура негізінен нормаға жақын болады. Алайда батыс өңірлерде (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары) ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.
Жауын-шашын біркелкі түспейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта нормадан көп болса, батыс өңірлерде нормадан аз болады.
2026 жылғы тамыз
Тамызда Қазақстанның басым бөлігінде температура қайтадан нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.
Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, тек жекелеген өңірлерде (батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың бір бөлігі) нормаға жуық.
2026 жылғы қыркүйек
Қыркүйекте температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын көрсеткіштер Жамбыл, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Түркістан мен Ұлытау облыстарының шығыс бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында және Солтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік-шығысында күтіледі.
Жауын-шашын негізінен нормадан төмен, тек кейбір солтүстік, шығыс және ішінара оңтүстік өңірлерде нормаға жақын болады.
2026 жылғы қазан
Қазанда да жылы ауа райы сақталады, температура көп аймақта нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, батыс пен оңтүстік-шығыстың жекелеген өңірлерінде ғана нормаға жуық болады.