Еуропа Одағы қазір USB-С портын ортақ стандарт қылып жатыр. Бұл туралы RTVI басылымы жазыпты.
Осыған байланысты Еурокомиссия өзінің X желісіндегі парағына "Бір порт, бір кабель, бір Еуропа" деген жазба қалдырыпты:
Бұл жазба желідегілер тарапынан дереу сынға ұшырады. Қолданушылар бұл сөздің Гитлердің әйгілі "бір халық, бір рейх, бір фюрер" («Ein Volk, ein Reich, ein Führer») деген ұранын еске салатынына нұсқайды. Бұл сөз Үшінші рейх пропагандасының басты сөздерінің бірі болатын.