Malim.kz
Қоғам

Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқан

Айбын Атабай

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Ата заңдағы мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы пікірталастарға пікір білдірді.  

 Сондай-ақ, бірқатар азамат мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты мәселеге назар аударды. Бірақ бұл жерде жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқанын да айта кету керек, — деді Жандос Шаймарданов. 

Айта кету керек, өткен апта аяғында жарияланған жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы норма 9-бапта орналасқан. Ол жерде мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені, ал мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны айтылған. 

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәліметтер тарату жағдайлары тіркеліп жатқанын жазған едік. ІІМ жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылғанын мәлім етті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары