Malim.kz
Құқық

«Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы жеңілдетілуі мүмкін

Сабина Асқарқызы
EGEMEN QAZAQSTAN

Елімізде Қылмыстық кодекстің 274-бабы – «көрінеу жалған ақпарат тарату» – декриминализациялануы немесе жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Министрлік Қылмыстық кодекстің 274-бабын декриминализациялау мәселесін қарастырып жатыр. Ішінара либерализациялау бойынша әріптестерімізбен бірлесіп кеңес жүргізіп жатырмыз», – деді Ысқақов.

Қазіргі таңда осы бап бойынша бірнеше журналист пен қоғам белсендісіне қатысты іс қозғалған. Өткен жылдың желтоқсанында қазақстандық заңгерлер мен БАҚ өкілдері осы бапты әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстыруды талап ететін петиция жариялаған.

Петиция авторларының пікірінше, 274-бап сөз бостандығын шектеп, кейде журналистер мен белсенділерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қолданылады. Бап бастапқыда жалған ақпаратпен күрес мақсатында енгізілгенімен, іс жүзінде әлеуметтік желідегі жазбалар мен БАҚ-тағы сыни материалдар үшін де қолданылып келеді.

Егер бап декриминализацияланса, бұл журналистер мен блогерлер үшін заңдық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді және ақпараттық кеңістіктегі ашық пікірталастарға жағдай жасайды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары