Malim.kz
Саясат

Көшербаев Рубиомен Каспий құбыр консорциумы мәселесін талқылады

Арман Қайыпхан
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесуі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары