Malim.kz
Әлем

Космосқа ұшып кеткен қытайлық ғарышкерлер енді Жерге қайта алмай отыр

Қайсар Қанат
АР

Қытайдың «Шэньчжоу-20» миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы апат салдарынан Жерге қайта алмай қалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыштық қоқыспен соқтығысып, зақымданған.

Қазіргі уақытта ғарышкерлер — Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе — Қытайдың орбиталық «Тяньгун» станциясында қалып отыр. Олардың кемесіне қатысты зақымның деңгейін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Экипаж бұған дейін ғарышта алты ай уақыт өткізіп, ғылыми тәжірибелер мен ашық ғарышқа шығу жұмыстарын жүргізген. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау жойылғанға дейін станцияда болуға мәжбүр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары