Malim.kz
Спорт

Көшпенділер ойынына Атырау облысынан қанша спортшы қатысады?

Malim Админ

Атырау облысынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3 спортшы қатысады.

Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың айтуынша, спортшылар республикалық чемпионатта үздік атанған.

Сонымен Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына спортшылар кімдер?

Нұржан Сәрсенғалиев жасы – 20-да. Ол – алыш күресінен ел чемпионатында  жеңімпаз атанған.

Арман Қошқаров – құсбегіліктен спорт шебері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Біраз жылдан бері саятшылықты серік етіп келеді.

Марат Бексұлтан – спорт шебері, дәстүрлі садақ атудан ел чемпионаты мен бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Айта кетейік, көшпенділер ойындарына өңірден 3 киіз үй тігіледі. Киіз үйлерде жергілікті мұражайдың жәдігерлері қойылып, ұлттық салт-дәстүр таныстырылады.

Фото: Gov.kz           

Malim Админ
Автордың басқа материалдары