Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалында танкерге жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу кезінде тұрған NELSA танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады. Оқиға салдарынан өрт шығып, ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдары бағалануда», – делінген хабарламада.
Бұған дейін КҚК теңіз терминалында мұнай тиеп тұрған NELSA танкеріне дрон шабуыл жасағанын хабарлаған болатын. Консорциум мәліметінше, зардап шеккендер жоқ және мұнай төгілмеген.
Энергетика министрлігі қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.