Malim.kz
Экономика

КҚК уақытша тоқтағанымен, мұнай қабылдау жалғасып жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: cpc.ru

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 тамызда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Құзырлы ведомство мұндай сценарий қарастырылып отырмағанын қадап айтады.

"31 шілдеде КҚК мұнай құбыры жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда. 1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады", делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай министрліктің тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары