Malim.kz
Әлем

Кремль Навальныйдың улануы туралы айыптауларды жоққа шығарды

Арман Қайыпхан
Фото: Ulf Mauder/dpa/picture alliance

Ресей билігі оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына қатысы бар деген айыптауларды «үзілді-кесілді жоққа шығаратынын» мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль бұл айыптауларды «біржақты және еш негізсіз» деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, Ресей басшылығы өз мекенжайына тағылған айыптарды қабылдамайды.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Навальныйдың биоматериалдарын зерттеу нәтижелері туралы мәлімдемелерді «ақпараттық арандату» деп атаған. Оның пікірінше, мұндай ақпарат Батыс елдеріндегі өзекті мәселелерден назарды бұру үшін таратылып отыр.

Ресей тарапы бұл айыптаулардың саяси астары бар екенін алға тартып, оларды негізсіз деп есептейді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары