Malim.kz
Әлем

Кремль: Украина әскері Донбасстан шығуы тиіс

Арман Қайыпхан
Фото: Ramil Sitdikov/POOL/AFP via Getty Images

Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының БАӘ астанасында өтетін алғашқы үшжақты кездесуінде аумақтық мәселе талқыланатыны жөніндегі ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біріншіден, біз, әрине, талқыланып жатқан ережелердің егжей-тегжейін жария түрде айтқымыз келмейді. Сондықтан “Анкоридж формуласы” деп нақты нені меңзеп отырғанымызды айта да, айтқым да келмейді. Мұны орынсыз деп санаймыз», — деді Песков журналистерге («Интерфакс» дерегі бойынша).

Оның айтуынша, Ресейдің ұстанымы бұрыннан белгілі.

«Украина және украин қарулы күштері Донбасс аумағынан кетуі тиіс, олар ол жерден шығарылуы керек. Бұл — өте маңызды шарт. Сонымен қатар келіссөздердің күн тәртібінде қалып отырған өзге де жайттар бар», — деп қосты Кремль өкілі.

«Анкоридж формуласы» туралы жұмаға қараған түні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдерімен жүргізген келіссөздері аяқталғаннан кейін айтқан болатын.

«Бұл келіссөздер барысында біздің президент пен америкалық тарап аумақтық мәселені Анкориджде келісілген формула бойынша шешпейінше, ұзақмерзімді реттеуге қол жеткізу мүмкін еместігін тағы да растады», — деді Ушаков.

Axios басылымының дереккөздері Абу-Дабидегі үшжақты кездесудің негізгі тақырыбы аумақтық мәселе болатынын хабарлады. Журналистердің сұрақтарына жауап берген Украина президенті Владимир Зеленский де мұны растады.

«Донбасс мәселесі — басты мәселе. Ол талқыланады және үш тараптың көзқарасы тұрғысынан қаралады. Абу-Дабиде, бүгін және ертең», — деді ол.

Бұған дейін Трамп "Украинадағы соғыс біздікі емес, оны Еуропа шешуі керек" деп мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары