Malim.kz
Әлем

"Күн сайын гибридті шабуылға ұшыраймыз": Германия арнайы қызметтердің өкілеттігін кеңейтпек

• Алуа Әшірбекова
Фото: BILD Russian

Германия Ресейден төнетін қауіптерге қарсы арнайы қызметтердің өкілеттігін кеңейтуді жоспарлап отыр. Елдің ішкі істер министрі Александер Добриндт Бундестагты диверсиялар мен кибершабуылдарға қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін реформаны жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

BILD Russian мәліметінше, Министр Германия ХХІ ғасырдағы гибридті соғысқа бар күшін жұмылдырып қарсы тұруы керек екенін айтты. Ол мұндай әрекеттерді ең алдымен Ресеймен байланыстырады.

"Еліміз соғыс жағдайында емес. Бірақ біз күн сайын гибридті шабуылдардың нысанасына айналып отырмыз", – деді Добриндт.

Ол барлау органдарының міндеті қауіп-қатерді анықтаумен шектелмеуі қажет екенін айтты. Министр арнайы қызметтерге сол қауіптерге белсенді түрде қарсы әрекет етуге мүмкіндік беруді ұсынды.

"Арнайы қызметтердің мүмкіндіктерін дамытуда Германия екінші немесе үшінші қатарда қалмауы керек. Біз әрдайым көшбасшылардың арасында болуға тиіспіз", – деп мәлімдеді ол.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, арнайы қызметтердің деректерді жинау, сақтау және автоматтандырылған талдау жүргізу өкілеттігі едәуір кеңеюі мүмкін. Сондай-ақ оларға алғаш рет диверсиялар мен хакерлік шабуылдарға қарымта шабуылмен жауап беруге рұқсат беру қарастырылып жатыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары