Malim.kz
Экология

Күтпеген жаңалық: Дунай түбінен 1700 жылдық көпір шықты

Айгүл Таңатар
reuters

Болгарияда Дунай өзенінің суы ерекше төмендеп, археологтарға 1700 жыл бұрын салынған Рим көпірінің іргетасын зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл – император Константин I тұсында, біздің заманымыздың 328 жылы пайдалануға берілген әйгілі Константин көпірінің қалдықтары.

Көпірдің ұзындығы екі шақырымнан асқан және ол Рим империясының сол кездегі ең ірі инженерлік құрылыстарының бірі саналады. Құрылыс шамамен 367 жылы қираған. Археологтар су деңгейінің төмендеуін пайдаланып, көпірдің іргетасын дрондар арқылы түсіріп, оның қазіргі жағдайын зерттеген.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары