Қазақстанның танымал әншісі Нұрлан Өнербаев "Таң Нұры" бағдарламасында көпшіліктің сүйікті шығармасы – "Анашым" әнін енді орындамайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесінің сөзінше, бұл шешім 2023 жылы ресми түрде қабылданған.
"Автордың өз өтініші болды. Сол себепті енді концерттерімде бұл әнді орындамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша айтып кететінім бар, бірақ ресми түрде ол менің репертуарымнан алынды", – деді Нұрлан Өнербаев.