Malim.kz
Қоғам

Күтпеген жаңалық! Ресейден қуылған Нұрлан Сабуровқа қатысты ел естімеген сұмдық хабар тарады

Мадияр Қапанбек
vk.com/nurlan.saburov. Суретте: Нұрлан Сабуров

Комик Нұрлан Сабуровтың Ресейге отбасына оралуы әзірге мүмкін емес екені хабарланды, деп жазады Malim.kz.

Ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарының мүддесін қорғайтын танымал адвокат Сергей Жорин комиктің Ресейге қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, заң бойынша Сабуров елге кіруге салынған тыйымды сот арқылы даулай алады.

Алайда, егер оны "қауіпсіздік мақсатында" депортациялаған болса, онда оң шешім шығу ықтималдығы нөлге тең.

"Бұл мерзімі өтіп кеткен тіркеу сияқты әкімшілік жаза емес. Сондықтан 50 жылға салынған тыйым Сабуров үшін өте қатаң белгі", – деді Жорин.

Адвокаттың сөзінше, егер тыйым формалды түрде, жеткілікті негізсіз немесе рәсімдік заңбұзушылықтармен қабылданған болса, оны ІІМ органының орналасқан жеріндегі аудандық сотта даулау мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынған. Оған қатысты ҰҚК тексеру бастаған. Бұған комиктің "Легион Вагнера Истра" құрамына 10 эндуро мотоциклін табыстап, жауынгерлерге "жеңіспен оралыңдар" деген тілегін білдіргені түсірілген видео себеп болған. Ал 25 ақпанда Сабуров Ресейден депортацияланғаннан кейін алғаш рет сахнаға шықты. Оның концерті Таиландтағы Пхукет аралында өтті.

Нұрлан Сабуров туралы

Нұрлан Әлібекұлы Сабуров 1991 жылы 22 желтоқсанда Қазақстанның Степногорск қаласында дүниеге келген. Болашақ әзілкештің балалық шағы қарапайым ортада өтті, жас кезінен спортқа, әсіресе боксқа қызығушылық танытты. Мектепті аяқтаған соң ол білімін жалғастыру үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына көшіп, Орал федералдық университетінің дене шынықтыру факультетіне оқуға түсті. Студенттік жылдары КВН құрамасында ойнап, сахна мәдениетін меңгеріп, әзіл жанрында өзін сынап көрді. 

Екатеринбургте жүргенде әзілкеш Дмитрий Романовпен танысып, оның кеңесімен "Stand Up" жобасындағы "Ашық микрофон" айдарына қатысуға өтінім береді. 2014 жылы Сабуров отбасымен бірге Мәскеуге қоныс аударып, ТНТ арнасындағы "Stand Up" шоуының резиденті атанады. 

2019 жылы YouTube-тағы "LABELCOM" арнасында "Что было дальше?" атты әзілге құрылған шоу жарық көріп, Нұрлан Сабуров оның тұрақты жүргізушісі болды. Бұл жоба интернет кеңістігінде үлкен сұранысқа ие болып, миллиондаған қаралым жинады. 2020 жылы Forbes журналы оны "30 жасқа дейінгі ең перспективалы тұлғалар" тізіміне енгізіп, жаңа медиа саласындағы ықпалды жас өкілдердің бірі ретінде атады. БАҚ мәліметінше, оның бір концерттік кештен алатын гонорары шамамен 10 мың доллар көлемінде бағаланған.

Жеке өміріне келсек, Нұрлан Сабуров студенттік жылдары танысқан Диана Сабуровамен отбасын құрған. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп отыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары