Malim.kz
Әлем

Лениннің атында көше көп. Өзгертуге биліктің өзі қарсы.

Ереке Базарқұл
© BBC News

malim.kz, Астана, 8 желотқсан.

Бундестагта, Германияда қалған Ленин және Кеңес Одағымен байланысты басқа саясаткерлердің құрметіне қойылған көшелердің атауын өзгерту талап етілді. Бұл туралы DW - Неміс толқыны басылымы жазыпты.

«Германия біріккеннен 35 жыл өткен соң, бірде-бір көше Ленин, Отто Гротеволь немесе Вильгельм Пиктің құрметіне аталмауы тиіс. Көше атауы – бұл біздің қазіргі демократиялық қоғамның құрмет көрсетуінің бір белгісі. Алайда аталған адамдар мыңдаған құрбандардың қайғы-қасіретімен байланысты», -

депті Бундестагтың - "Германияның социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) диктатурасының құрбандары ісі" жөніндегі уәкілі Эвелин Цупке Bild газетіне.

© DW.COM

Басылым Германияның шығыс аймақтарында Ленин атындағы он шақты, сондай-ақ Гротеволь мен Пик атындағы бірнеше көшені тапқан. Bild басылымы олардың атауын өзгертуге қатысты пікірталастардың өте қызу жүріп жатқанын атап өтті. Өзгертуге  әсіресе жергілікті биліктер қарсы екен.

«Көше атауын өзгерту туралы шешімді атқарушы билік шығармайды. Мұндай қадам тек қалалық кеңес тарапынан қабылдануы мүмкін», - 

дейді Бранденбург жеріндегі Науэн қаласы әкімшілігінің өкілі. Оның айтуынша, қалада Ленин көшесінің атауын өзгерту мәселесін ешкім көтермеген. Саксония-Анхальттағы Вайсенфельс билігінің өкілінің пікірі де осыған ұқсас.

«Шешуші фактор — азаматтардың қалауы», -

деп мәлімдеді ол.

Ал Цупке, көше атауларын өзгерту міндетін бургомистрлерге жүктеуді ұсынып отыр.

«Ленин немесе Вильгельм Пик көшелерінің атауын ГДР режиміне қарсы тұрған тұлғаның құрметіне өзгерту, менің ойымша, Германияның бірігуінің 35 жылдығында орай дұрыс әрекет болар еді», - 

деп мәлімдеді саясаткер.

ГФР-дің шығысындағы көшелердің «социалистік» атауын өзгертуге ультраоңшыл «Басқа Германия» (АдГ) партиясы күтпеген жерден қарсы шықты, деп жазады Bild. Мәселен, Йерихов қаласындағы (Саксония-Анхальт жері) АдГ фракциясының төрағасы бір жыл бұрын қалалық кеңесте өзі мақұлдағанына қарамастан, азаматтық бастама арқылы жалпы саны 40 көшенің атауын өзгертуге жол бермеуге тырысыпты. Бұл дау сотқа дейін жетті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары