Malim.kz
Денсаулық

Лицензиясыз қызмет: Денсаулық сақтау министрлігі заң бұзған кабинеттерді анықтады

Ереке Базарқұл
© mcfr.kz

Жеке емшара кабинеттерінде лицензиясыз медициналық қызмет көрсету, санитарлық нормалардың сақталмауы және дәрілік заттарды сақтау тәртібінің бұзылуы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік республика аумағында заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында жеке емшара кабинеттерін тексеруді жалғастырып жатыр. Мониторинг нәтижесінде түрлі ережелерді бұзған немесе лицензия қосымшалары болмаған 406 нысан тіркелді.

— Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Санитариялық нормаларға сәйкес, емшара кабинеттері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандардың қатарына кіреді. Сондықтан олар денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын барлық талаптарды толық орындауы керек. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама орта буын медицина қызметкерлерінің — мейірбикелердің — қандай қызмет көрсете алатынын нақты белгілейді. Олар инвазивті (денеге ену арқылы жасалатын) процедураларды лицензиясыз жүргізе алмайды. Қалған нысандарға қатысты тексерулер жалғасады, —

делінген ведомство хабарламасында.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары